Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда полицейді әріптесін өлтірді деп айыптады

Ақмола облысында 25 қаңтар күні жоғалып кеткен Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкері 27 жастағы Дархан Еламанов өлі күйінде табылды. Оны өлтірді деген күдікті ұсталды.

Дархан Еламанов

 

Дархан Еламанов

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

25 желтоқсан күні ол кешке жұмыстан соң үйіне қарай қайтқан. Оны іздестіруге Ақмола облыстық ІІД жеке құрамы жұмылдырылған болатын.

ІІД-нің ақпаратына сәйкес, 26 желтоқсанда Ақмола облыстық ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 2016 жылдың 25 желтоқсанында жоғалып кеткен аға лейтенант Дархан Еламановты өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерін ұстады. “Күдіктінің берген түсініктемелеріне қарағанда, ол бұл қылмысқа жеке жек көруден барған. Қазіргі уақытта қаза тапқан жігіттің денесі табылды, сараптамалар тағайындалды. Күдіктінің кінәсін мойындаған түсініктемелері бар. Затты айғақтар алынған”, — делінген хабарламада.

“Адам өлтіру” бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жатқызылды. Қылмыстық істі тергеу аясында кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оқ тиіп ауруханаға түсті

Қазақстанда ата-анасы баласын аязда көшеге тастап, соңынан өртеп жіберген

Ақтауда кездейсоқ жүргіншілер алапат өрттен екі баланы құтқарып қалды

Атыраулық шопан қасқырмен айқасып 700 қойын аман алып қалды

Талқылау