Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт кешені ашылды

Көкшетауда облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Дарын" жаңа спорт кешені ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз жолдауында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Халық арасында бұқаралық спортқа басымдық беру, өскелең ұрпақты дене шынықтыруға баулу қажеттігін атап өтті.

"Барлық аймақ меценаттарына, ал Ақмола облысының қоян – қолтық күрес Федерациясына "Дарын" ұзақ өмір сүру орталығын құруға қатысқандары үшін үлкен алғысымды білдіремін", - деп атап өтті өңір басшысы спорт нысанының ашылуында.

Кешеннің күрделі құрылысы кезеңінде 53 млн.теңге сомасында демеушілік жарналар төлей отырып, әртүрлі ақмолалық компаниялар өз үлестерін қосты.

Кешенде бір уақытта мүмкіндігі шектеулі 60 адам спортпен шұғылдана алады. Мұнда барлық қажетті жағдайлар жасалған: тренажер залы, емшара-массаж кабинеті, жекпе-жек және фитнес залдары бар. Бұдан басқа, EGOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды, сондай-ақ компьютерлік сауаттылыққа оқыту жүргізілетін болады. Алдағы уақытта қонақ үй кешені мен жабық футбол алаңын салу жоспарлануда.

Жалпы, жаңа мекеме мүмкіндігі шектеулі жандар арасында денсаулықты сақтау үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, олардың бейімделуі мен оңалтылуын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Айта кетейік, бүгінде Ақмола облысында ерекше қажеттіліктері бар 25 мың адам тұрады. Оның      30% спортпен белсенді айналысады. Олардың арасында пауэрлифтинг, жеңіл және ауыр атлетика, армреслинг, теннис және басқа да спорт түрлері бойынша чемпиондар бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр