Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда мемлекеттік қызметкерлер жұмыс кабинетінде төбелесіп қалды

Ақмола облысындағы мемлекеттік мекеме басшысына қарамағандыға қызметкерге қол жұмсағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Көкшетау әкімшілік соты Ақмола облыстық тексеріс комиссиясының басқарушысына қатысты әкімшілік істі қарады.

Оқиға1 ақпанда орын алған. Жәбірленуші кабинетіне қызмкеткерлер құрамын басқару қызметінің қызметкері келіп, тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны жөніндегі шешімді көрсеткен. Бұл шешіммен келіспеген қызметкер тексеріс комиссиясының басқарушысының кабинетіне барып, мән-жайды білмек болған. Алайда осы кезде басқарушы орнынан атып тұрып, оған тап беріп, сол жақ кеудесін тырнап тастаған.

5 ақпандағы сот-медициналық сараптама жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зақым келгенін көрсеткен. Маман әйелдің денесіндегі жарақат тырнақтың ізі болуы мүмкін екенін растады.

Сотта басқарушы өз кінәсін мойындамады. Ол А-ның өз кабинетіне кіріп келіп, айғайлағанын түсіндірді. Осы фактіге байланысты мемлекет қызметкеріне тән мінез-құлық ережесі сақталмағаны жөнінде акт толтырылды.

Сот тексеріс комиссиясы басқарушысын кінәлі деп танып, 25 мың 253 теңге көлемінде айыппұл жазасын тағайындады.

Оқи отырыңыз:

Американдық ер адам қазақ тілінде ән айтып, әйелдер қауымын 8 наурызбен құттықтады (видео)

Алматыда 12 күннен бері іздестіріліп жатқан 15 жастағы қыз табылды

Шымкент тұрғыны полицейлерден таяқ жегенін елге жариялағаннан кейін ғана тәртіп сақшыларына қатысты іс қозғалды

ОҚО-да тоққа түсіп бір қолынан айырылған бала енді аяқсыз қалуы мүмкін

STAN.KZ
Бейсенбі, 08 Наурыз, 2018 12:31
Талқылау