Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар "ақылды" ауруханада емделеді

Көкшетауда коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында арнайы салынып жатқан 200 орындық жаңа модульдік аурухананың құрылысы аяқталуда. Жаңа нысан “smart” принципі бойынша ауазы сүзгіден өткізу мен желдетудің ерекше жүйесімен салынған.

Сондай-ақ, мұнда қызметкерлер мен емделушілердің қарым-қатынасын мейлінше төмендету технологиясын қолданады, – деп хабарлайды “Aqmola News”

“Жұқпалы аурулар орталығы” деп аталатын жаңа аурухана Көкшетау қалалық ауруханасының құрамына кіреді. Мұнда облыс бойынша барлық коронавирус жұқтырған науқастар емделмек.

Аурухана екі ай ішінде жылдам тұрғызылатын құрылымдардың көмегімен салынды. Бүгінде аурухана жайлары тазартылып, жаңа құрал-жабдықтар кіргізілуде.

Жаңа ғимарат бірнеше корпустардан тұрады. Жобаның бас инженері Саят Кисмановтың айтуынша аурухана бес стационар, қабылдау, жан сақтау және әкімшілік бөліктері бар сегіз блоктан тұрады.

Әр блоктардың өз түсі бар. Мәсеклен жансақтау бөлімі сары түсті болса, стационарлар күлгін түспен боялған.

Жансақтау бөлімінде науқастарды оттегі жабдығына қосу қарастырылған. Арнайы кереуеттер мен жарық шамдары орналастырылған.

Құрылысты салушы «Bi Group» компаниясы өкілдерінің айтуынша әрбір мейірбикеде емделушілердің дене қызуын, пульсі мен сатурациясы көрсеткіштерін енгізетін планшеттері болады. Барлық мәліметтер ситуациялық кабинеттегі екі экранға жіберіледі. Бірінші экранға жан сақтау, екіншісі стационарға арналған. Ал дәрігерлер алынған ақпаратттарды талдап, қалай емдеу қажеттігін анықтайды.  Дәрігерлерден кеңес алу үшін орта буынды медициналық қызметкерлер бейне-байланысқа шыға алады.

Жалпы стационарда егер жансақтау бөлімі толып кеткен жағдайда науқастарды өкпені жасанды желдету аппараттарына қосу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, әрбір кереуетте дәрігерді шұғыл шақыру батырмасы қойылған.

Жұқпалы аурулар бөліміндегі палаталар бокс делінеді. Өйткені, олардың әрқайсысында жеке гигена бөлмелері душ, әжетхана және жуыну раковиналары орналастырылған.

Науқастар тамақ пен дәрі-дәрмектерді есіктегі арнайы кішкене терезе арқылы алады.

Ауруханадағы құрал-жабдықтардың бірқатары іске қосылған. Мәселен, компьютерлік томография және рентген аппараттары қойылыпты. Бұл құрылыс компаниясының бонусы есебінен беріліпті.

Корпустарда желдетудің ерекше жүйесі жасалған. Жұқпалы ауру тараған ауа палатадан арнайы сүзгілер арқылы шығарылады.

“Тіпті қызметкерлер кей-кезде маска тағуды ұмытқан жағдайда вирус жұқтыру мүмкіндігі аса төмен болады, – дейді Кисманов.

Жоба құны 7,2 миллиард теңгеге бағаланған. Құрылыс жобасы толығымен “Жұмыспен қамту жол картасы -2020” бағдарламасы бойынша салыныпты. Қазір орталықтағы құрал-жабдықтарды толықтыру жұмыстары жүріп жатыр. Ал ғимараттың пандемиядан кейінгі жұмыс жоспары туралы әзірге айтылмады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр