Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қоқыс арасында ұйықтап жүрген 2 баланың тағы 2 бауыры бар болып шықты

Көкшетауда қоқыс арасында ұйықтап жүрген балалар әлі сабаққа барған жоқ. Тіпті бейімдеу орталығына даладан жеткізілген ағайынды үшеу денсаулықтарына байланысты тапсырған сараптама қорытындысы дайын болмайынша оқуларын да бастамайды. Ал төрт баласын қараусыз қалдырған жалғызбасты ананы қазір, ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр.

кокыс арасында

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бірнеше күннен бері нан мен жабайы алманы қорек етіп, қоқыс арасында түнеп келген бір жанұяның балаларының бейімдеу орталығында жеткізілгендеріне бір аптаға жуықтаған. Тәрбиешілер балаларды жуындырып, тазартылып, қалыпқа келтіріп қойыпты.

“Балаларды мұнда аш әрі лас күйінде жеткізілді. Тіпті үстері биттеп кеткен. Олар ұзақ уақыт бойы жуынбай далада жүргенге ұқсайды”, – дейді Ақмола облысы бейімдеу орталығының директоры Қайрат Темірбаев.

Көкшетаудағы №17 мектепте Александра алтыншы, Камила төртінші, Ярослав екінші сыныптың оқушылары. Десе де, олар биылғы жылы оқуға әлі барған жоқ.

“Қазіргі таңда балалардың денсаулықтарына байланысты сынамалар тапсырылды. Нәтижесі белгілі болғаннан кейін, балалар №8 мектепке баратын болады”, – дейді Ақмола облыстық білім басқармасы қамқорлық және қорғау бөлімінің басшысы Наталья Степанова.

Бұған дейінгі оқыған мектепте оқушылар мектеп тарапынан тегін тамақ пен керек оқу құралдарымен қамтамасыз етілген екен. Жазды күні лагерьге де барған.  Бұлардан өзге отбасында 1 жастағы кішкентай ұл бар. Қазір ол өкпесі қабынғандықтан ауруханада жатыр.

“Оның жасы 1 жас, үш ай.Бізге жеткенде салмағы 5 келі 300 грам болды. Бұл жаста салмағы 11 келі болу керек”, – дейді Ақмола облысы балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Лариса Бложко.

Айта кетейік, бұл оқиға  өткен аптада әлдекімнің телефонға түсірген бейнесінен басталған болатын. Онда қала сыртындағы гараждардың бірінде 8 жастағы қыздың інісімен ұйықтап жатқандығы түсірілген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Әблязовтің сыбайласы деп айыпталған Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты

Ақтөбеде ресейлік әнші мазақ қылған қонақүйді көруге Сапарбаевтың орынбасары арнайы барды (видео)

Жанжал: Депутаттар білім грантын әділ бөлмеген шенеуніктерді жазалауды талап етті

Қарағандыда күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйел сотталды

Талқылау