Ресей Украинамен келіссөздердің екінші кезеңін өткізу үшін орын мен уақыт ұсынды
Фото: shutterstock.com
Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі 2 маусым күні Ыстамбұлда өтуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді. Лавровтың айтуынша, Ресей билігі Киевке ұсынылатын меморандумға қатысты түсініктеме беруге дайын.
"2025 жылдың 16 сәуірінде Ыстамбұлда Мәскеу мен Киев тұрақты шешімге қол жеткізу үшін әр тараптың ұстанымын көрсететін құжаттарды дайындайтыны туралы келісілген еді. Ресей тарапы келісілгендей, бұл меморандумды жедел әзірлеп, дағдарыстың түпкі себептерін сенімді түрде шешудің барлық аспектісі бойынша ұстанымын білдіреді", – деді Лавров.
Рим Папасы Ватиканды Ресей мен Украинаның тікелей келіссөздерін өткізуге орын ретінде ұсынды
Сонымен қатар Лавров ресейлік делегацияны тағы да Владимир Мединский басқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, Мәскеу "келесі дүйсенбі, яғни 2 маусымда Ыстамбұлда келіссөздердің екінші раундын өткізуге дайын".
Лавров Ресейдің Түркияға "қонақжай алаң" ұсынғаны үшін алғыс білдіретінін мәлімдеді.
Еске салсақ, 16 сәуір күні Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегациялары арасында келіссөз өткен еді.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?