Көкшетауда жұмысқа ерте келген кіші қызметкер кітапхананың жарты қоры мен сирек жазбаларын өрттен сақтап қалды
Көкшетауда жарты миллиард теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілген өңірдің бас кітапханасы өртенді. Жұмысына ерте келген кіші қызметкердің арқасында кітап қорының жартысы мен сирек кездесетін көшірмелер сақталып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: сюжет кадрларынан скрин
Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – Ақмола облысындағы ең ірі кітапхана. Ғимарат Көкшетау қаласының орталығында орналасқан. Оған жарты миллиард теңге сомасында қаражат жұмсалып, жақында ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Деректерге сүйенсек, өрт таңертең ғимараттың бірінші қабатында болған. Кітап сөресі жанып бастаған. Сол кезде ғимаратта шамамен 70 мың том кітап болған. Өрт салдарынан мұнда ондаған мың кітап өртенген. Өртті кіші қызметкер уақытында байқаған. Әйел жұмысқа сол күні ертерек келген. Соның арқасында өрт кезінде кітап қорының кем дегенде жартысын, оның ішінде сирек кездесетін көшірмелерді де құтқаруға мүмкіндік туды. Өрттің себебі анықталуда.
Желтоқсан айының ортасында ғимарат күрделі жөндеуден кейін салтанатты түрде ашылғаны белгілі. Оның сапасы қазір де қызығушылық тудырып отыр.
“Жоғары, үшінші рангті шақырту бойынша күштер оқиға орнына жіберілді. Өрт 50 минут ішінде сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің пайда болу себебін анықтау үшін зерттеу сынақ зертханасы тағайындалды”, – деді Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.