Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда есірткі тұтынған ер адам мектептің терезесін сындырып, ішке кірмек болған (видео)

Көкшетауда ер адам мектептің бас ғимаратының терезесін сындырып, ішке кірмек болып, қолын кесіп алған. Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қолы қанға малынған ер адам Көкшетаудағы мектеп-гимназия алаңынан жүгіріп өтіп, жұртшылықты шошытқан. Ол мектептің бас ғимаратының терезесін сындырып, ішке кіруге әрекеттеніп, қолдарын кесіп алған. 

Дереккөздің айтуынша, ол кіреберістегі ғимаратқа бет бұрып, жабық есікті бұзып, турникеттен секіріп өтіп, ғимаратқа кірген. Күзетші жедел әрекет ету тобын шақырған. Білім ордасында ешкім зардап шеккен жоқ. Мектеп әкімшілігі полицияға арыз жазған.

Полиция мәліметінше, ер адам табылып, қамауға алынды.

"Ер адамның жеке басы анықталып, ұсталды. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтың есірткі тұтынғаны белгілі болды. Ер адамның білім мекемесіне келтірген материалдық шығыны анықталып жатыр. Ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1 (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, күшті әсер ететін заттарды медициналық емес қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Талқылау