Көкшетауда ер адам 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Фото: istockphoto.com
Ақмола облысында ер адам 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
"Аталған факті бойынша, Қылмыстық кодекстің “16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта күдіктінің бұрын Қазақстан азаматы болған шетелдік екені айтылған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"