Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда дүкеннен бір қорап кәмпит ұрлаған әйел 45 күнге қамалатын болды

Көкшетауда супермаркеттен бір қорап кәмпит ұрлаған азамат 45 күнге қамалатын болды. Ал кей ұрылар енді күзетшілерден де бейнебақылау камераларынан да  қорықпайтын болды. Араларында, ұрлаған заттарын ішіне тығып,  өтірік жүкті  болып жүргендер де бар.

Бұл туралы 31 арна жазды.

Көкшетауда супермаркетке кірген 37 жастағы әйел күртенің астына дөңгелек шараны тығып алып, ұрланған заттарды соның ішіне тастай беріпті. Дүкенге келгенде болмаған ішін тек кассада байқаған қызметкерлер одан күмәндана бастайды.

Тінту барысында оның жүкті еместігі анықталып, қампиған қарнынан шұжық, ірімшік секілді түрлі азық-түліктер шығады. Бейнебақылауды тексеріп қарағанда, бұл әйелдің бір ай ішінде 180 мың теңгенің тауарын алғаны анықталыпты.

«Ақшам жоқ, үйде тамақ жоқ деп өзін босатуды сұрап жылады. Оны аяған қызметкерлер үйіне жібереді. Бірақ, ол бірнеше күн өткен соң тағы келді. Бейнебақылау камерасынан қарасақ, ол қалта, жең сынды киімінің қуыс-қуысына түрлі заттарды салып алған екен. Келесі күні дүкенге тағы келді. Сол мезетте біз оны ұстап алып, полиция шақырдық»,-дейді дүкеннің аға кассирі Айжан Биғожина.

Ал бұл азамат та оңай олжалы болуды көздейтіндердің қатарынан. Қорап кәмпитті қалтасына сүңгіткен жас жігіт көп ұзамай қолға түсті.

«9 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оған 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады»,-дейді Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Әсем Әбдірахманова.

Бұдан бөлек, Көкшетауда түлкі ұрылар да пайда болды. Ондайлар майда-шүйде зат алып, кассаға ірі ақша ұсынады. Кейін, сатушының басын айналдырып, ақша берген сыңай танытады.

Ешқандай ақша төлеместен, сатушыдан қайтарым ақшаны алып, олжаға кенеледі. Мына әйел сондайлардың бірі. Әзірге бұл ұрының кім екені анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы: Менен көмек сұраған әр әйелді тұрмыстық зорлықтан қорғайтын боламын

Дәурен Айдарқұлов кино үшін ер адаммен сүйіскенін айтты

Айдарбекова: Дауысым жоқ болса да сахнада талай ән айттым, Жұлдызда үйреніп кетеді

Алтынай Жорабаева: Сәбит 1 жылдан бері қыздарын іздеп келген емес

Талқылау