Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда бойжеткен мектеп ауласында асылып қалды

Көкшетау қаласында  мектеп ауласында асылып қалған 18 жасар бойжеткеннің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Фото: elitar.kz

Ақмола облыстық ПД мәліметінше,  20 шілдеде сағат 9:50 шамасында  Әуелбеков көшесіндегі  №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы 102 желісіне телефон арқылы хабарланған.

"Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі "өзін өзі өлтіруге жеткізу" бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде", – деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Талқылау