Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда бір топ ер адам кафе алдында төбелес шығарды

Көкшетауда бір топ ер адамның төбелесскені бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше,  осы жылдың 2 тамызында Көкшетау қаласы ПБ ЖБО бейнебақылау кезекші-инспекторы Абай-Тәшенов көшелерінің қиылысында бейнебақылау камерасының көмегімен 8 ер адамның қатысуымен төбелесті байқаған.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жіберілді.

Тәртіп сақшылары жазғы кафелердің бірінде бес жергілікті тұрғын әуе-десанттық әскер күнін атап өткенін анықтады. Отырыс кезінде өзге үш адаммен сөзге келісіп қалған топ сыртқа шығып, мәселені шешпек болған.

Полиция наряды бұзақылық әрекеттердің жолын кесті, ал оқиғаға қатысушылардың барлығы Көкшетау қаласының полиция басқармасына жеткізілді.

"Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі "бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады", - деді полицияда.

Айта кетейік, ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, жыл басынан бері Ақмола облысында бейнебақылау камерасы арқылы 150 астам қылмыстың беті ашылды.

Талқылау