Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда әйел 60 жастағы қарт мүгедекті қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғыны пайда табу үшін 3-топтағы мүгедек ер адамды Өскемен қаласынан алдап әкелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

“Көкшетауда тұратын әйел 60 жастағы мүмкіндігі шектеулі адамды Өскеменнен алдап әкелген. Сөйтіп, 2021 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін күн сайын 8-9 сағат орталық базарға апарып, қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеген. Түскен ақшаның бәрін өзіне алып отырған”, — дейді Қанат Нұрмағамбетов.

Қазіргі кезде бұл оқиға Қылмыстық кодекстің "Пайда табу мақсатында адамды бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша (126-бабының 3-бөлігі 2-тармағы) тексеріліп жатыр. Егер 28 жастағы әйелдің қылмысы дәлелденсе, ол 5-10 жылға сотталуы мүмкін.

Талқылау