Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ер адам алаяқтық үшін іздестірілуде: Ол әйелін, әкесін және жақын достарын алдап кеткен

Көкшетауда полиция тоғыз адамды алдаған күдіктіні іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмола облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көкшетау қалалық криминалдық полиция бөлімі 1996 жылы туған азамат Берік Нихатты 190-баптың 3-бөлігінің 1, 4-тармақтары “Екі немесе одан да көп тұлғаға қатысты бірнеше рет жасалған алаяқтық" бойынша іздестіріліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ленинград ауылының тумасы, бұрын Көкшетау қаласында тұрған.

"Тергеу барысында бұрын Көкшетау қаласында тұратын іздеуде жүрген Б.Нихат әйеліне қатысты алаяқтық жасап, оны және кішкентай ұлын күнкөріс көзінсіз және баспанасыз қалдырғаны анықталды. Одан кейін әкесін, әйелінің анасын, жақын достарын, сыныптастарын, жерлестерін де алдаған. Бірақ жақындары азаматтан күдіктене бастағанда Берік Нихат қашып кеткен. Қазір оның қайда екені белгісіз", – делінген хабарламада.

Көкшетау қалалық полиция бөліміне оның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен тоғыздан астам адам өз бетінше арызданған. Қазіргі уақытта Б.Нихатқа халықаралық іздеу жарияланды.

Талқылау