AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Ахмет Байтұрсынұлына арналған халықаралық конференция өтті

Бүгін облыс орталығының Болашақ сарайында ұлт ұстазының 150 жылдығына арналған "Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде" атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, алқалы жиынға Ақмола облысының әкімдігі мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мұрындық болды. 

Конференция Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың кіріспе сөзімен басталды. 

"Тәуелсіздік есімін айтуға да мүмкіндік бермеген ұлы тұлғаларымызбен қайта қауыштырды. Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес биыл баршамыз "Алаш" қозғалысының қайраткері, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын жалпыұлттық деңгейде атап өтудеміз. Бүгінгі конференция еліміз үшін абыройлы, жас ұрпақ үшін тәлімдік маңызы зор шаралардың бастауы болмақ", – деді өңір әкімі. 

Сонымен қатар облысымызда Ахмет Байтұрсынұлының және "Алаш" қозғалысының басқа да қайраткерлерінің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында түрлі форматтағы мәдени шаралар өткізіліп жатыр.

Еліміздің өңірлерінен, сондай-ақ Түркия мен Өзбекстаннан келген ғалымдар мен зерттеушілер Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын талқылап қана қоймай, өздерінің ғылыми ізденістерінің жемістерімен бөлісті. 

"Бүгінгі жиында ұлт ұстазының терминология саласындағы, қоғамдық саяси өмірдегі, тіл біліміндегі, әдебиеттанудағы қызметі  жан-жақты талқыланып, сараланды. Ахмет Байтұрсынұлының асыл мұрасын насихаттаудың өрісін кеңейтіп, әлем халықтарының рухани игілігіне айналуына одан әрі ықпал етеді деп ойлаймын", – деп өз ойымен бөлісті филология ғылымдарының докторы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры Құралай Күдеринова.  

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақмола облысында бір мектеп пен 22 көшеге Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген. Биыл Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжіне, Біржан сал, Жақсы аудандарының екі орта мектебіне, аудан орталықтары мен ауылдарының көшелеріне ғалымның есімі берілетін болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр