Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 9 жасар бала асылып қайтыс болған

Полиция мойнына белдік оралған баланы байқаусызда қайтыс болған деп болжап отыр.

news_10324

Бұл туралы Sputnik.kz басылымы хабарлайды.

Көкшетауда 9 жасар бала асылып қайтыс болған жерінен табылды. Полиция қызметкерлері бұл байқаусызда болған әрекет деген болжам жасады. Оқиға 18 қараша күні кешкі мезгілді болған.

“Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім 2007 жылы дүниеге келген. 18 қараша күні аулада ойнап болған соң, үйге кірген. Арада біраз уақыт өткен соң оның өлі денесі табылған”, – деп хабарлайды агенттік. Мектеп оқушысы әжесінің қолында тәрбиеленіп жатқан екен. Денесінде зорлық-зомбылықтың ізі жоқ.

Фактіге сәйкес, “Өзіне қол салуға мәжбүрлеу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Алайда, полиция бала абайсызда қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Шомылмақ болған туристің денесі ыстық суда еріп кеткен

АҚШ-та жасөспірім комадан есін жиған соң бірден испанша сөйлеп кеткен

Иті иесін бетперде киіп шабуылдаған қорқынышты сайқымазақтан құтқарды

Ғалымдар: Әйелдер ерлерден қарағанда еңбекқор

Талқылау