Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 43 жастағы тұрғын өзін жарып жібермек болды

Көкшетауда салық комитеті ғимаратының алдында жанжал шығарып, өзін жарып жіберуге әрекеттенген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ақмола облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

401638

Сурет i.obozrevatel.ua

Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 43 жастағы ер адам қоңырау шалып, салық комитеті қызметкерлерімен арада туындаған жанжалды шешуге көмек көрсетілмесе, өзін жарып жіберетіндігін айтқан.
Жедел іздестіру кезінде әкімшілік ғимарат маңынан жарылғыш заттар табылмаған.

Полицейлер күдіктіден жауап алу кезінде ол 200 мың теңгеден астам ірі көлемдегі айыппұлмен келіспегендіктен осы қадамға барғандығын айтқан. Тексеру кезінде анықталғандай, оның атына жеке кәсіпкерлік қызметіне патент тіркелген. Бірақ онда басқа адамдар жұмыс істегендіктен, күдікті ешқандай пайда көрмегендігін айтыпты. Ендігі жерде ашуға бой алдырып заңсыз әрекет жасағаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 1-бөлімінің 115-бабы бойынша күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Қарағандыда ер адам өз-өзін жарып жіберген еді. Оның радикалды топтарға қатысы бары анықталды.

Талқылау