Көкшетауда 20 жастағы мұғалімді зорлап кеткен адам ұсталды
Көкшетауда 20 жастағы мұғалімді зорлап кеткен адам ұсталды. Оқиға өткен аптада болған еді, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.
Таңертең жұмысына бара жатқан жас қызға тасадан біреу атып шығып шабуыл жасаған.
Қылмыскердің айтуынша, ол жұмысына асығыс кетіп бара жатқан қызбен таныспақ болған. Мұғалима танысқысы келмейтінін айтады. Қолында пышағы бар зіңгіттей жігіт оған қаруын көрсетіп, бейжеткеннің аузын бір қолымен жауып ағаштардың арасына сүйрей жөнеліпті. Істерін істеп, үйіне келіп жатып қалған.
Айуандыққа барған адамның өзінің үш қызы бар екен. Еш жерде жұмыс істемейді. Оны ауылда жүрген жерінен полиция қолға түсірді. Ал зорлық көрген мұғалім бұл жағдайды ата-анасына да, бауырларына да тіс жармаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”