Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 12 жастағы бала жоғалып кетті

Көкшетау қаласында 12 жастағы бала іздестірілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сергей дүйсенбі күні сағат 13:00-де жоғалып кетті. Баланың әкесі полицияға баласы жоғалғаннан кейін 1 сағат 20 минуттан кейін арыз берген.

"26 сәуірде сағат 14.21-де Көкшетау қаласының полиция бөліміне ер адамнан телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Ол сағат 13: 00-де оның 12 жасар ұлы Сергей Александрович Кривоножко қарындасын мектептен алып кетуге кетіп, оралмағанын айтады", - деп Ақмола облысы полиция департаментінің  баспасөз қызметі.

Сергей қара шалбар, қара кроссовка, көк куртка және қара бас киім киген.

Полиция баланың қай жерде екендігі туралы қандайда бір ақпаратқа ие болсаңыз, дереу «102» арнайы желісі бойынша полицияға хабарлауды сұрайды.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 26 Сәуір, 2021 15:23
Талқылау