Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда алаяқ әйел таныстрын алдап 1 миллион теңгеден астам ақшаны қолды қылған

Көкшетауда алаяқтық жолмен таныстарының ірі көлемдегі ақшалары мен алтын бұйымдарын жымқарған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20161011132508

Полицейлердің мәліметі бойынша, биылғы жылдың мамыр-маусым айларында Көкшетау қалалық ІІБ-ге жергілікті тұрғындар арызданып, алаяқтық жасаған 26 жастағы әйелге қатысты шара қолдануын сұраған.

Жедел іздестіру шарасы барысында аталған күдікті ұсталып, қылмысы әшкерленді.

«2016 жылдың  мамыр айында Көкшетау қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны хабарласып, бұрынғы таныс әйелдің ауыр халде жатқан анасына шұғыл ота жасау қажет деген желеумен 136 000 теңге ақшасы мен 300 000 теңге көлеміндегі алтын бұйымдарын қолды қылғанын айтқан. Келтірілген залалдың жалпы көлемі 436 000 теңгені құрады.Кейін күдікті маусым айында осындай әдіспен тағы бір құрбысының 824 000 теңге ақшасын жымқырған. Дегенмен, полицейлер күдіктінің қылмысын әшкерлеп, қолға түсірді. Қазіргі кезде, ол қылмысын мойындап, үстінен ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлімі бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды», – деп көрсетілген хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда 13 жастағы қыз 68 күн ораза ұстап қайтыс болды

Назарбаев ауырып ем алып жатыр

11 айлық баласын жаңғақпен ғана тамақтандырған америкалық сот алдына келді

Қытайда қалыңдық ақша үшін қонақтарға омырауынан ұстауға рұқсат еткен (видео)

Талқылау