AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау тұрғыны үйінде от жағып, мерт болды

Көкшетау тұрғыны үйінде от жағып, өзі өрттен қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 7 сәуірге қараған түні казарманың пәтерінде болған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі келді. 20 минуттың ішінде өрт сөндіріліп, жанып жатқан үйден пәтер иесінің 1973 жылы туған мәйіті табылды.

Көршілерінің айтуынша, ер адамның жұмыс істемейтін, ішімдік ішкені, әлеуметтік өмір салтын ұстанушы ретінде есепте тұрғаны анықталды. Үйде ер адам от жағып, пеш бөлшектеліп, пәтер электр желісінен ажыратылған, жиһаз бен интерьер заттары болмаған, үйдегі бөлмелер әртүрлі тұрмыстық қоқыспен бітеліп қалған.

Оқиға орнында Көкшетау қалалық ІІБ-нің тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.  Өрттің шығу себебін анықтау үшін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "ӨСҚМ" ММ-нің ғылыми-зерттеу өрт зертханасы тағайындалып, марқұмның денесі өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр