Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау тұрғыны тергеушінің кесірінен баласынан айырылғанын айтты

Көкшетауда жергілікті тұрғын өзінің күйеуіне қатысты іс жүргізуші тергеушінің кінәсінен баласынан айрылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тергеуші

"Көкшетау Азия" басылымының жазуынша,  15 наурызда Көкшетауда полициясына өз-өзіне қол жұмсау әрекеті туралы хабарлаған, шақыруға тәртіп сақшылары дереу аттанған және қару қолданған. "Құтқару операциясының" нәтижесінде екі жігіт тергеу абақтысына қамалды. Оларды алдын ала сөз байласып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкіліне қатысты күш қолданғаны және күш қолдану қатерін төндіргені үшін айыптаған, бұл 7 жылдан 12 жылға дейін жазаны көздейді.

Жастардың айтуынша, ешқандай себеп болмаса да, ешкім қарсылық көрсетпесе де, оқиға орнына келген қызметкерлер оларды бір жарым сағат бойы ұрған.

Сонымен қатар, жігіттердің бірі Марк Шубин өзі полицияны шақырғанын, оларды келген бойда қарсы алып, ағасына көмектесуді деп үміттенген мәлімдеді. Алайда, нәтижесінде өзі темр торға тоғытылған.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, ал жігіттердің туыстарының айтуынша, айыптау тек полицияның айғақтарына ғана негізделген.

Жақында жігіттердің үлкенінің әйелі мерзімінен бірнеше күн бұрын ішіндегі баласының шетінеп кеткенін айтты, нәрестенің жүрегі тоқтап қалған. Қазір ол полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне арыз берген, өйткені тергеушінің тарапынан тұрақты қысымның салдарынан балада жүйке күйзелісі болып, содан шетінеді деп санайды. Бұл айып бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Алайда, заңгерлердің айтуынша, полиция осы арыз бойынша әлі күнге дейін тергеуді бастамаған және оған әдеттегі шағым ретінде қарайды. Осыған орай, прокуратура баланың өліміне кім кінәлі екенін анықтайтын істі қарастырады деген үмітпен бас прокурордың атына өтініш жолдаған.

STAN.KZ
Жұма, 19 Маусым, 2020 08:00
Талқылау