Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау тұрғыны WhatsApp арқылы үй сатып аламын деп 15 млн теңгесінен айырылды

Ақмолалық тәртіп сақшылары интернет-алаяқтардың ізіне түсті. Полицияға хабарласқан әйел белгісіз біреулердің одан 15 000 000 теңгені алып кеткенін айтыпты.

whatsapp-on-phone-in-hand-1-700x

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Зардап шегуші облыс орталығынан пәтер алмақ болып, «OLX» және «Крыша KZ» сайттары арқылы іздей бастайды. Іздеу барысында бағасы екі есе төмен екі үйді табады. Хабарландыруда көрсетілген нөмір өшіп тұрған. Бірақ, кейін «WhatsApp» мессенджеріне хат жіберген “сатушы” пәтердің Көкшетауда, ал өзінің Ресейде екенін айтыпты. Пәтердің толық құнын төлегенде ғана пәтерді келіп, көрсетемін деп шарт қояды.

Тұрғын бұл шартпен келіспеген соң, хабарласушы адам оған банктен қызының атынан есепшот ашып, соған қажетті қаражатты салып, ал түбіртек көшірмесін өзіне мессенджер арқылы жіберуін сұрайды. Зардап шегуші мұндай шартқа келіскен. 4 бөлмелі үйін сатып, одан түскен 15 000 000 теңгені қызының атына аударып, түбіртек көшірмесін пәтер “иесіне” жібереді. Біршама уақыт өткен соң есепшоттағы барлық ақша шешіліп алынған.

Қазіргі уақытта полиция күдіктінің қолға түсіру үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Бұл ретте тәртіп сақшылары азаматтарға барынша мұқият болуды ескертеді. Бұзық ойлылар жеке куәлік немесе қандай да бір маңызды құжаттың көшірмесін сұратып, әлгі адамның атынан түрлі қарыздар мен несиелер алып тастайды.

Талқылау