Көкшетау тұрғындары “Ninety one” тобының концерт өткізуіне қарсы
“Ninety One” тағы да шудың ортасында. Көкшетауға ” Ninety One ” тобы келе жатыр дегенді ести сала жергілікті азаматтар дүр сілкінді. Олар: “Біздің мемлекетімізде бір жынысты жұптардың некелесуіне заңмен тыйым салынған. Ал бұл топ соған алып барар қауіпті жол”, – дейді. Бұл топ бұған дейінгі концерттерін де Қызылорда мен Қарағанды облыстарында бере алмай қайтқан еді.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Көкшетауда “91” тобы концерт қоюға келеді және билеттер онлайн негізінде сатылып жатыр деген ақпарды естіген белсенді азаматтар бірден қарсылық білдірді. Тек олардың топтың репертуарындағы әндерге қарсылығы жоқ екен. Бар-жоғы тәуелсіздікпен байланыстырып қойылған 91 атауы мен киімдерін жөндесе деген талаптарын айтты.
«Орамал таққандарға министрлік деңгейде тыйым салынып жатыр. Оларға сахнаға шықса, терроризм деп шығармай тастаушы еді. Ал, неге осындай өзгенің бейәдеп дүниесін дәріптеуіміз керек», – дейді “Ел бірлігі” қоғамының жауапты хатшысы Бақыт Смағұл.
«Терроризм, экстремизм жайлаған кезеңде жастармызға үлкен тәлім -тәрбие беру басты мәселеге айналып тұрған жағдайда, олардың жастарға керітартпа өнеге көрсетуіне қарсымыз», – “Ел бірлігі” қоғамының өкілі Қуандық Бекішов.
Қоғам белсенділерінің наразылығын облыстық “Нұр отан” партиясының бірінші орынбасары тыңдады. Алайда бірінші орынбасар онда тұрған ештеңе жоқ дегендей сыңай танытты.
«Ақындар мынандай (үлкен) жүзікпен шығады. Ол да мысалы біздің менталитетке салса, әйел адамдар шығады. Біздің ер кісілер алтынмен шығады. Ол мұсылмандыққа жатпайды. Ендеше сол жөнінде диалог неге құрмаймыз.Сондықтан жастарды ренжітпей, заң бойынша қарау керек», – дейді Ақмола облыстық “Нұр Отан” партиясының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов.
Көкшетауда концерт өткізбекші деген ақпаратты қоғам белсенділері ғаламтордан білген. Алайда қабылдаудан соң жергілікті басқармаларға хабарласып мән жайды білген партияның бірінші орынбасары бұл ақпарды теріске шығарып, өңірде мұндай концерт жоспарланбағанын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
“Ninety one” тобының әндерінен попурри орындаған қыздар ғаламторды «жарды» (видео)
Беделхан “Ninety one” тобының концертіне қарсы шыққандарды тілдесуге шақырды
Жалаңаштанып жарнамаға түскен Айсәуле Бақытбекқызы халықтың сынына ілікті (фото)