Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау қаласының әуежайы өзгереді

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Көкшетау әуежайында болып, тапсырмалар бердi, сонымен қатар Зерендi ауданында егiн егу барысын бағалады, Ақкөл, Ортақ, Қызылтаң ауылдарында инженерлiк желiлердi және әлеуметтiк маңызы бар объектiлердi жөндеу мiндеттерiн жүктедi, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы өңiраралық ынтымақтастық форумын өткiзуге қарай Көкшетау қаласының әуежайы өзгередi. Өңiр басшысы әуежайға апаратын жолды көгалдандыру мен абаттандыру жобаларын жүзеге асырумен танысты. Осы жұмысқа 13 млн. теңге бөлiнген. 150 млн. теңгеге әуежайдың аумағында орналасқан қонақ үйдi реконструкциялау басталды. Оның iргетасы 1978 жылы қаланғанын айта кетуiмiз керек.

Ақкөл ауылы әуежайға жақын орналасқан. Жер алу кезегiнде тұрған ауыл тұрғындары үшiн 180 жер учаскесi дайындалған. Жобаның құны - 115 млн. теңге. Ауылда өнiмдi шаруа қожалықтары да бар. Солардың бiрi - "Берекет - 2050" ЖШС. Өткен жылы олар гектарынан 20 ц. және одан жоғары өнiм жинады. Европалық әдiстеме бойынша 4,7 мың га жер сәттi өңделуде. Диқандар дәндi дақылдардың 9 түрiн егедi, мал шаруашылығының да әлеуетi жақсы.

"Бiзде астықтың сапасы жоғары - ресейлiк асыл тұқымды сұрыптар: арпа, сұлы, қытай бұршақ. Дәндi дақылдардың 9 түрiн өсiрудi жоспарлап отырмыз, жоғары технологияларды сәттi қолданамыз" - дедi "Берекет-2050" серiктестiгiнiң директоры Яков Савченко.

Өңiр басшысы Ортақ ауылындағы жолдардың жөнделуiне назар аударды. Ол үшiн 50 миллион теңге бөлiнген. Ауданда жол жабынын реконструкциялау 14 бағыт бойынша жүргiзiлуде.

"Бiз Шағалалы-Приречное және Ұялы бағыты бойынша жолды жөндеумiз. Викторовка ауылына су құбырын тартып жатырмыз, одан кейiн жолы жөнделедi. Аудан орталығында да осындай жұмыстар жоспарланған" - дедi Зерендi ауданының әкiмi Бауыржан Ғайса.

Ауыл тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге 70-ке жуық үй қосылмағанын айтты. Сумен қамтамасыз етуге 10 миллион теңге бөлiнген. Өңiр басшысы Ортақ ауылының көшелерiн жарықтандыруға және көршi Қызылтаң ауылының әлеуметтiк маңызды объектiлерiн жөндеуге 14 миллион теңге бөлiнетiнiн айтты. Бiрақ ауыл тұрғындары да қарап отырған жоқ, олар мешiттi жөндеуге бастама жасады. Облыс әкiмi мұндай бастамаларды қашан да қолдауға дайын екендiгiн бiлдiрдi.

STAN.KZ
Бейсенбі, 07 Мамыр, 2020 13:59
Талқылау