Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкпар дауы: Сыртқы істер министрлігі Көшпенділер ойындарындағы жанжалдың саяси салдары туралы айтты

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қырғызстан мен Қазақстан спортшылары арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: worldnomadgames.com

Министрлік өкілі спорттық дау-дамайдың екі ел арасындағы саяси қарым-қатынасқа әсер етпейтінін атап өтті.

"Бұл біздің бауырлас ел, олармен жақсы қарым-қатынастамыз. Спорт саласында дау туындаса, ол тек спорт. Бұл жерде ешқандай саясат жоқ. Олар ат үстіндегі мінезді жігіттер. Тиісінше, барлығы қызу қанды. Эмоционалды мінез-құлық. Басқа ештеңе емес", — деді Айбек Смадияров.


"Бұл балет емес, көкпар": Қазақстандық депутат көкпарда "қамшымен ұрды" деп шағымданған қырғызстандықтарға жауап берді


Сыртқы істер министрлігінің өкілі бір ойынның нәтижесі елдер арасындағы қарым-қатынасты жоққа шығармауы керек екенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан финалдағы Қазақстанның жеңісіне қырғызстандықтар жаппай наразылық білдірген еді.

Талқылау