Қоқыс жинау шегінен 2 есе асып кеткен: Жетісу облысындағы полигонға 340 миллион теңгеге айыппұл салынды

Фото: Рexels.com
Көксу ауданында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жұмысында өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынсыз және қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығару рұқсатынсыз жұмыс істеп келген.
“Полигонды жабуға, жерлерді рекультивациялауға, ластануға бақылау жүргізуге арналған тарату қоры құрылмаған, онсыз полигонды пайдалануға тыйым салынады. Оның үстіне полигонда қоқыс жинау шегінен екі есе асып кеткен. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы бойынша 340 млн теңгеден астам сомаға айыппұлмен жауапкершілікке тартылды”, – деп мәлімдеді Жетісу облысының прокуратурасы.
Полигон сенімгерлік басқарудан алынып, мемлекетке қайтарылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген