Қоқыс тастауға шығып, оралмаған: Алматыда із-түссіз жоғалған жасөспірім төрт аптадан кейін табылды

Алматыда үйінен қоқыс тастауға шығып, із-түссіз жоғалған 16 жастағы жасөспірім төрт аптадан кейін табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
16 жастағы Айдос Әкімбаев 28 шілде күні Мамыр-3 шағын ауданындағы үйінен қоқыс тастау үшін шығып, жоғалып кеткен еді. Жасөспірімнің анасы әлеуметтік желіде қазақстандықтардан көмек сұрады.
Бүгін, 22 тамыз күні жасөспірімнің анасы Баян Әкімбаева желіде жазда жариялап, ұлының табылғанын мәлімдеді.
“Баламды таптым. Айдосым қазір жанымда. Барлығыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Отбасыма, жақындарыма, әріптестеріме және достарыма. Құдайға шүкір”, – делінген жазбада.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда 16 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кеткені туралы жазған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан