"Қоқыс сияқты еденде сүйреген": Желіде алматылық ер адам белгісіз біреулер әкесін ұрып-соққанын мәлімдеді

Желіде алматылық ер адам белгісіз біреулер әкесіне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, үш ер адам әкесін ұрып-соғып кеткен, ал бүгінде ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Алматы қаласының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласының тұрғыны Threads парақшасында жазба жариялады. Оның сөзінше, 10 ақпанда сағат 17:20 шамасында техникалық байқау станциясында істейтін әкесін үш адам “әңгімелесуге” шақырған.
“Әкем олармен сөйлесіп тұрған. Видеода бәрі қарапайым әңгіме сияқты көрінді. Кенеттен олардың бірі соққы жасаған. Содан кейін әкем шамамен бір сағат бойы есінен танып жатқан. Шабуылға сондағы екі адамның да қатысы бар”, – деп жазды ол.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Жазба авторы оқиға орнындағы бейнебақылау камераларынан алынған кадрларды жүктеп, әкесінің жағдайы туралы айтты.
“Әкемнің бас сүйегі бірнеше жерден сынған, миына қан кеткен”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ алматылық отбасының қиын жағдайда екенін баяндады.
“Біз жалдамалы пәтерде тұрамыз, қарыздарымыз бар. Анам зейнеткер, әйелімнің денсаулығы нашар, екі кәмелетке толмаған баламыз бар. Оқиғаға байланысты біз өте қиын жағдайда қалдық. Ақша немесе танымалдық сұрамаймын, тек назар мен қолдау. Мен әкемнің жалғыз кәмелетке толған ұлымын және ресми түрде әкемнің мүддесін қорғап, әділдік талап етіп, үш күдіктінің барлығына да барынша қатаң жаза қолданылуын қамтамасыз етемін”, – деді ол.
Кейінірек автор тағы жазба қалдырып, әкесінің жансақтау бөліміне түскенін хабарлады.
“Мен үш тәуліктен бері ұйықтаған жоқпын. Себебі көз алдымда әкемді кенеттен құлатып, адам емес, қоқыс секілді еденде сүйреп жүрген бейне тұр. Мен жарты сағат бұрын видеосын алдым. Видеодан әкемді есінен танып, ұйықтап жатқан кезде басынан тепкенін және соққанын көруге болады. Әкемді жарты сағат бойы “өлтірген”, – деп жазды ол.
Полиция не дейді?
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, денсаулыққа зиян келтіру, яғни дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
“Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіләп жатыр”, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Полиция соталды тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында екенін атап өтті. Оның нәтижесі бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды