Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Осының есі орнында ма?": Сәукеле киген отандық әзілкеш сынның астында қалды (видео)

Сәукеле киген отандық әзілкеш сынның астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көкбет қатын: Сәукеле киген отандық әзілкеш сынның астында қалды (видео)

Танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев басына сәукеле киіп, вайн түсірген. Ол өзін күләш апа деп, әйелдер киінетін дүкендердің бірінде киім таңдап жұртты күлдірмек болған. Оған қоса, актер нәзік жандылардың үнемі тап болытын мәселесіне тоқталғысы келген сияқты.

"Амансың ба? Не істейін, жүрмін. Қалай көңіл-күйім болады? Мына бір дүкенге кіре қойып едім, өңкей шидейген көйлектер. Не бел жоқ, шаршадым. Бізге келетін бірнәрсе алып келмей ме. Ер адамдардың киімімен жүріп шаршадым. Дым жоқ, мә бар екен ғой", - дейді Жахан Отарғалиев бейнежазбада.

Алайда желідегілер актердің өнеріне тамаснудың орнына оны сынның астына алып тастады. Олар Жахан отарғалиевтің бұл әрекетін ерсі деп тауып, күлдіре алмаса күлдірмесін деп шорт кесті. Сонымен қатар, ұлттық киімді қорлама деп қатты айтты олар.

"Сен әйел болып туылсаң, көкбет қатын болатын шығарсың", "Күләш апаның өмірі көңіл-күйі жоқ", "Күлдіргісі келеді, онымен күлкілі емес, ерсі, қолдан келмесе қоя қою керек қой",  "Жахан, сенің өнеріңе сөзім жоқ, алайда қазақтың киелі сәукелесі кез келгенге мазақ болғанын қаламаймын", "Еркек әрқашан еркек болып қалу керек қой. Түк жараспайды. Күлкілі емес", "Осының есі орнында ма? Шамалы сияқты ғой", - десті жұрт. 

Талқылау