Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көк базарда сүт сататын саудагерлер айыппұл төлейтін болды

Алматыдағы Көк базар сатушылары таза емес сүт сатқан. Санитарлық дәрігерлер тағамнан қауіпті бактерия тапты. Барлық тауар тәркіленіп, саудагерлерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.


Базар әкімшілігі ескерту алды. Тексеру жүргізуге әлеуметтік желіде тараған видео себеп болған.  Антисанитариялық жағдайда сатушылар сүт қоспасын дайындаған.

Қаймаққа не қосылатыны нақтыланбаған. Видео авторы бұл «қытайлық» ұнтақ екенін айтады. Санитарлық дәрігерлер сатып алып, оны анықтаған. Оның құрамынан ұнтақ табылмағанымен, неше түрлі микробтар бары анықталды. 


 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 23 Желтоқсан, 2019 21:55
Талқылау