AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көк шайдан коронавирусқа қарсы тиімді зат табылды

Ұлыбританиядағы Суонси университетінің ғалымдары көк шайдың құрамынан COVID-19-ға қарсы күресте пайдалы болуы мүмкін затты тапты. Зерттеу нәтижелері RSC Advances журналында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылар вирустың белгілі бір компоненттеріне әсер ету арқылы SARS-CoV-2 инфекциясын басуға қабілетті элементтерді анықтау үшін әртүрлі фитохимиялық заттардың құрылымын талдады. 132 зат таңдалып, коронавирустың негізгі протеазасымен (Mpro) өзара әрекеттесуіне сыналды. Олардың екеуі — циннамтаннин-В және галлокатехин галлаты — MPRO-ны тиімді түрде бұғаттайтын фито-қосылыстар екені белгілі болды.

Бес ережеге сәйкес (Липинский ережесі деп те аталады) қосылыс оны ауызша қабылдауға қолайлы ететін бірқатар молекулалық қасиеттерге ие болуы керек, мысалы: бес донорлық сутегі байланысы немесе оннан аспайтын сутегі акцепторы. Галлокатехин галлаты бес ережеге сәйкес келетіндіктен, қосылыстың өзі және оның аналогтары одан әрі талдау үшін алынды.

Галлокатехин аналогы (2r, 3R)-2-(3,4-дигидроксифенил) хроман-3-ил-3,4,5-тригидроксибензоат SARS-CoV-2 бірнеше нысаналарын, соның ішінде РНҚ-ға тәуелді РНҚ полимеразасын сәтті тежеді.

“Галлокатехиннің клиникалық тұрғыдан тиімді және COVID-19-дың алдын алу немесе емдеу үшін қауіпсіз екенін көрсету үшін қосымша зерттеулер қажет”, – дейді ғалымдар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр