Нұр-Сұлтанда "көк" мәртебесі барларға ойын-сауық орталықтарына кіруге тыйым салынады
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан соң "Ashyq" жүйесінде "көк" мәртебеге ие адамдардың ойын-сауық орталығына кіруіне тыйым салынады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз. Қаулы күшіне енген соң елордада "Ashyq" жүйесінде "көк" мәртебеге ие адамдар ойын-сауық орталықтарына кіруіне тыйым салынады. Яғни жұмыс және демалыс күндері СОО-ға тек қана "жасыл" мәртебесі бар тұрғындар кіре алады", - деді елорда әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева.
Оның айтуынша, бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шығам дегенше "көк" мәртебеге ие адамдар ойын-сауық орталықтарына кіре алады. Тағы бір ескеретін жайт, аталған шектеу тек қана ойын-сауық орталықтарына қатысты, яғни сауда үйі, сауда орталығы және базарлардың қызметіне қатысы жоқ.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін