Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ashyq-та "көк" статусқа ие алматылықтар демалыс күндері қайда бара алады

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері "көк" мәртебесі бар алматылықтар Ashyq бойынша жұмыс істейтін қандай нысандарға бара алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ашық

Бекшин өзінің соңғы қаулысына сәйкес көптеген бизнес нысандары демалыс күндері "жасыл" мәртебесі бар келушілер үшін ашылатынын айтты. Алайда вакцинацияланбаған немесе жақын айларда ауырмаған азаматтар үшін бұл мекемелердің көпшілігіне кіру мүмкін болмайды. 

"Көк" мәртебесі бар азаматтар қалааралық тұрақты тасымалдар, қонақүйлер мен әуежайлар, теміржол вокзалдары, білім беру объектілері, жоғары оқу орындары, колледждер, интернаттар мен жатақханалар сияқты мекемелерге кіре алады.

4 қыркүйектен бастап демалыс күндері Ashyq нысандары түнгі 12-ге дейін, ал көшбасшылары түнгі екіге дейін жұмыс істейтін болады. 

“Естеріңізге сала кетейін, "жасыл" мәртебесі бар азаматтар – бұл вакцинацияланған, ПЦР нәтижесі теріс, жеті күннен ерте емес жасалған ПТР-тесті бар, соңғы үш ай ішінде ауырып жазылған адамдар, сондай-ақ вакцина салмауға рұқсатнамасы бар адамдар", – деп хабарлады Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ бас санитар Алматыда вакцинаға қарсы көрсетілімі бар тұрғындар демалыста сауда орталықтарына кіре алатынын айтты.

"Соңғы жеті күнде ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар адамдар және медициналық анықтамасы бар адамдарға "жасыл" статус беріледі. Ол адамдар қандай да бір нысанға кіруі үшін анықтамасын көрсетуі керекЖалпы медициналық анықтама созылмалы аурулары бар, аллергиясы бар адамдарға екпе салдыруға болмайтын жағдайда беріледі. Оның ішінде, жүкті әйелдер мен емізулі баласы бар әйел адамдар да бар. Бірақ олардың да қолында тиісті анықтамасы болуы керек. Бұл жаңа қаулыға сәйкес қабылданған шаралар", – деді Бекшин.

Оның айтуынша, 6 қыркүйектен бастап жұмыс күндері Ashyq нысандары "көк" мәртебелі азаматтар үшін түнгі 12-ге дейін, ал Ashyq көшбасшылары үшін түнгі 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. 

Барлық нысандар 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері мегаполистің "қызыл" аймақ болғанына қарамастан жұмыс істейді. Қызметкерлер мен келушілер арасында "жасыл" мәртебе болуына қарай Ashyq қатысушылары – 00:00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары – түнгі 2-ге дейін жұмыс істейді. 

Айнұр Мұхади
Жұма, 03 Қыркүйек, 2021 15:38
Талқылау