Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қоғамға қаупі бар": Қазақстандық азаматшаны жұқпалы дертке шалдыққаны үшін Ресейден шеттетпекші

Қазақстанның 20 жыл бойы Екатеринбург қаласына жақын маңда тұрып келген 23 жастағы азаматшасын Ресейдің аумағынан шеттетпекші. Бұған себеп бойжеткеннің ағзасынан өткен жылдың күзінде ВИЧ инфекциясын табылуы көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tobolinfo.kz порталына сілтеме жасап. 

Қазақстадық қалыңдықты Ресейден шығарып жіберді

Светлана есімді азаматшаның ата-анасы оның жасы үште болған кезде Қазақстаннан Ресейге алып барған. Содан бері қыз уақытша тұруға рұқсат қағазымен Ресейде болған. Уақыт өте келе бойжеткен тұрмыс құрып, баспаналы болыпты. Бірақ 2019 жылы ол өзінің құжатын ұзарта алмапты, себебі оның ВИЧ-ке шалдыққаны анықталған. Миграциялық қызмет бойжеткенге оның "қоғамға келтіретін қаупі" жайлы айтып, оның уақытша тұру рұқсатын жалғастырудан бас тартыпты. Осылайша қызмет басшылығы 23 жастағы азаматшаны елден шеттету туралы бұйрық шығарыпты. 

Депортация жайлы естіген тұрғын өзін қоярға жер таппаған. Өйткені Қазақстанда оның барар жері, басар тауы жоқ көрінеді. 

"Менің отбасым, достарым, үйім, барлығы - осында. Енді мен бәрін тастап, Қазақстанға көшуге мәжбүрмін. Мен ол жақтағы күнім не болады?" - деп қынжылды Светлана. 

Қазіргі таңда қазақстандық азаматша Ресей аумағында заңсыз жүргендердің қатарына кіріпті. Алдағы уақытта ол әділеттілікті сот арқылы таппақ. 

Бұл жағдайды естіген ресейліктер бей-жай қалмады. Дегенмен олардың көбі божйтекеннің өзін кінәлай түсті:

"20 жыл бойы азаматтық алмай ай қарап жүрген бе?"

"Бәрі де дұрыс, өзінен көрсін 20 жылдан бері азаматтық алмаған. ВИЧ-ке шалдыққан азаматтарды емдеу шараларымен заң бойынша өз елі айналысу керек". 

"Қандай әділеттілік керек оған? Киім-кешегін жинасын да, еліне тайып тұрсын".

"Мұндайларға Ресейден арнайы мекен арнап қою керек. Қытайлардың орнына барып, сол жерде картоп егіп, қызанақ терсін".

Мұны естіген кәсіби заңгер Марина Чукавина өз пікірін білдірді. Айтуынша, Ресейде ВИЧ-пен ауыратын шетел азаматтары дереу өз елдеріне жіберіледі екен. 

"Олар "басқаларына қауіп төндіреді",  делінген заңнамада. Бойжеткеннің елде қалуы мүмкіншілігі - өте аз. Егер азаматшаның ата-анасы я болмаса күйеуі Ресейдің азаматтылығын алған және бойжеткен инфекцияның таралуына ықпал етпейтіндігін дәлелдей алса, ол Ресейде қала алады",- деді заңгер.


 

Талқылау