Қоғамдық көлікке мінген Назарбаевтың «сыңары» жолаушыларды шошытты (фото)
«Мемлекет басшысының» суреті Instagram парақшаларының бірінде пайда болды. 30 минуттың ішінде суретті 7 мыңнан аса адам тамашалап үлгерген.
Желі қолданушыларының көбісі – суреттегі адамды Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі деп ойлап қалған. Жұрт президентті қоғамдық көлікке отырды деп сенді. Ендігі желі оқырмандары авторды суретті фотошоп арқылы құрастырған деп айыптаса, өзге оқырмандар мұны қалжыңға айналдырды.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың қостанайлық Сәрсенбай Доданов есімді өзінен аумайтын «егіз сыңары» бар.
Қазақстандықтар қоғамдық көліктерден, метродан әлем мемлекеттері көшбасшыларының не танымал адамдардың “егіздерін” жиі кездестіреді.
Жіберіп алмаңыз:
Өзіңізден айнымайтын «сыңарыңыздың» бар болуы әбден мүмкін
Әли Оқапов Қызылорда облысынан егіз сыңарын тапты
Талқылау