Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғамдық жұмысқа тартылған сотталушыларға "Қоғам алдындағы борыш" деген жазуы бар арнайы жилеттерді киюге міндеттелмек

Фото: ЖИ

Ішкі істер министрлігі қоғамдық жұмысқа тартылған сотталушыларға "Қоғам алдындағы борыш" деген жазуы бар арнайы жилеттерді киюге міндеттеуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін және қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындау тәртібін жетілдіруге бағытталған қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстеріне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.

Атап айтқанда, пробация қызметі сот үкімі немесе қаулысы түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қоғамдық жұмысқа тартылған сотталушыны шақырып, жаза өтеу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оны орындау бойынша бақылау шараларын түсіндіруге міндетті болады деген норма енгізу ұсынылып отыр.

Сондай-ақ пробация қызметі қоғамдық жұмыстардың орындалуы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуы қажет. Ведомство ұсынған басқа да бірқатар өзгерістер бар. Атап айтқанда, құжаттағы "Нәтиженің нақты мақсаттары мен мерзімдері" деген бөлім.

"Ұсынылған түзетулер қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар "Қоғам алдындағы борыш" деген жазуы бар арнайы жилеттер кию міндеттелмек. Бұл шара қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдар арасында тәртіпті арттыруға бағытталған", – делінген құжатта.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 14 маусымға дейін жалғасады

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 04 Маусым, 2025 12:34
Талқылау