Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғам белсендісі зейнеткер мұғалімдердің не себепті орнынан кетпей отырғанын айтты

“Ашық алаң” бағдарламасының тікелей эфирінде қоғам белсендісі Дана Рау зейнет жасына жеткен мұғалімдердің не себепті орнын босатпай жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қостанайда мұғалім оқушы қызды ұрып жіберген. Іс қозғалды

“Кейбір зейнеткер мұғалімдер маман тапшы болған соң мектепте жүр. Ал біреулері маман болса да, тапжылмай сабақ беріп отыр”, - дейді ол.

Дана Раудың айтуынша, сол себепті жас маманның жалақысы төмен болып қалып жатыр.

“Бұл тетіктерді де реттеп, шешу керек деп ойлаймын. Сол кезде жас мұғалім де, тәжірибелі мұғалім де тиісті жалақысын алып жатыр деп қуанатын боламыз”, - деді Дана Рау.

Бұған қоса аталған бағдарламада білім министрі мұғалім мамандығын таңдайтын оқушылардың орташа балы 60-65 екендігін айтып кетті. 

Мұғалім мамандығын таңдайтын оқушылардың орташа балы 60-65 балды құрайды. Бұл туралы “Ашық алаң” бағдарламасының тікелей эфирінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

“Мұғалім мамандығын таңдайтын адамның сапасы жоғары болмаса, мектепке кім келеді? Сондықтан, оларды ынталандыру керек”, - деді министр.

Оның айтуынша, бұл жерде педагогтарды дайындау мәселесі туындайды.

“Бүгінгі күні мұғалімдерді 85 университет дайындап жатыр. Анықтап қарасақ, ішінде дәрігерді дайындайтын оқу орны да мұғалімді дайындап жатады. Политехникалық оқу орындары да бар. Яғни, өзінің профиліне келмейтін оқу орындары көп. Соларды азайтып, сапаны арттыруымыз керек”, - деді министр.

Еске салайық, министрі бұған дейін ұстаздарды қызметтен тыс жұмыста тартуға болмайтындығы жайлы айтып кетті. Оның сөзінше, бұл жағдайда тағаындалатын айыппұл да қарастырылған. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 12 Ақпан, 2020 10:27
Талқылау