Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Фото: Әлеуметтік желіден/Санжар Боқаев
Желіде мемлекет бюджеті мен олардың қалай жұмсалып жатқаны туралы видеолар жариялайтын, қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Оған алаяқтық пен ақша жымқырды деген айып тағылуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратураның мәліметінше, ол Алматы қаласының аумағында ұсталған.
“Бокаев С. жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді.
Тергеу деректеріне сәйкес, Бокаев С. аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген. Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінуде”, – делінген хабарламада.
-
Instagram Борейконың, блогер Боқаевтың және Ниязовтың жазбаларын өшіріп тастады
-
Із-түссіз жоғалып кеткен отбасының ісі: Атыраулық хакер Түркияда ұсталды
Санжар Боқаев – желіде мемлекет бюджеті мен олардың қалай жұмсалып жатқаны туралы айтқан қоғам белсендісі.
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев былтыр желіде Алматы қаласы Баум бағындағы мыңдаған ағашты кесіп тастағанын көрсеткен. Бұған қоса, Үлкен Алматы өзені бойындағы гранит тастарды әлдекімдер бас пайдасына жарату үшін әкетіп жатқанын әшкерелеген. Тағы бір видеосында Алматы қаласының орталық бөлігінде бюджет қаражатына алынған жабын тастарды (брусчатка) тиеп алған әлдебір жүк көлігі Алматы іргесіндегі Жандосов ауылына барып, әлгі заттарды біреудің жеке үйіне түсіргені көрсетілген.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалада асфальт опырылып, гранит пен жабын тасты алып тастау оқиғалары шу болып жатқан тұста Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевке қатаң сөгіс берген. Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметінен алынды. Медеу ауданы Уәлиханов бульварындағы жабын тастарды "заңсыз алып, плиткаларды жеке үйге жеткізу оқиғасына" байланысты Медеу ауданы әкімі Еркебұлан Оразалинге де сөгіс жарияланған.
Кейінгі сұхбатында ол бизнесін АҚШ-қа көшіріп әкеткенін, Қазақстаннан шаршап, көшіп кеткені туралы айтқан еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған