Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-депутат Нұржан Әлтаев депутаттардың жалақысын негізсіз деп атады

Қоғам қайраткері, экс-депутат Нұржан Әлтаев Қазақстанның қарапайым азаматтары мен депутаттарының жалақысына қатысты әділетсіздік туралы айтты.

«Депутаттар әртүрлі жалақы алады, бұл көптеген критерийлерден, жұмыс өтілінен тұрады. Менің барлық есептеуден кейінгі жалақым 500 мың теңгенің айналасында. Менің ойымша, аймақтардағы азаматтардың табысы 60-80 мың теңгеден аспайтынын ескерсек, мұндай жалақы айырмашылығы әділетсіз» - деді қоғам қайраткері.

Сондай-ақ, Нұржан Әлтаев қазіргі парламент мүшелеріне берілген жалдамалы пәтерден кетіп қалғанын айтты.

27 қарашада Нұржан Алтаев «El Tiregi» өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының негізінде өзінің партиясын құрғанын жариялады. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ, тек «Нұр Отан» партиясы бар екенін атап өтті. El Tiregi  бастамашыл тобы әділет министрлігіне саяси партияны тіркеу үшін құжаттар тапсырды.

30 қарашада Орталық сайлау комиссиясы өзінің қаулысымен Нұржан Әлтаевты депутаттық мандатынан айырды. Кейінірек депутат партиялық тәртіпті бұзғаны үшін «Нұр Отан» партиясынан шығарылғаны белгілі болды.

Талқылау