Қоғам белсенділері Ақтөбеде 16 жасар қызды біп топ адам зорлады деп дабыл қақты
Ақтөбеде 16 жасар қызды топ адам зорлаған. Бұл туралы НеМолчи.kz қоры жазды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қор жетекшісі Дина Таңсәрінің сөзіне сүйенсек бойжеткенді ересек адам жыныстық қатынасқа түсуге бейімдеген. Кейін бұл істі өзге ер адам жалғастырған көрінеді.
Анасы полицияға тек екі аптадан кейін ғана арызданды. “Жағдай өте қиын. Қыз бала жақында әкесін жоғалтқан”, – дейді ол.
Көп ұзамай, бұл жайтқа полиция басқармасы да пікір білдірді. Құзырлы органның ақпаратына сүйенсек, күдіктілер ұсталған. Сараптама тағайындалап, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”