"Құлдыққа түсуім мүмкін": Желідегілер Сәтжан мен Әлібековтен тамаша жұп шығатынын жазды
Динара Сәтжан Кореяда түскен суретін жүктеп, сол елдегі билік туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Бейбіт Әлібековпен кәрістердің киімін киіп суретке түскен Динара кофе сатып алмаса, құлдыққа түсетінін айтып әзілдеген. Корея еліне саяхаттаған тележүргізуші Чосон әулетінің көйлегін киіп, кәрістердің басқару жүйесіндегі қызықтары туралы жазды.
«Кореяда заңды билік ер адамдарға тиесілі болғанымен, көп нәрселерді әйелдер шешкен. Жас билеушілердің апалары, аналары, әйелдері. Менің киіп тұрғаным Чосон әулетінің көйлегі, ал Әлібековтің үстіндегі мемлекеттік қызметкердің киімі. Сіздер одан кофе сатып алмасаңыздар, мен құлдыққа түсемін», - дейді ол.
Бейбіт пен Динараның желідегі суретін көрген жұрт екеуінен жақсы жұп шығады деп жарыса жазды. Бір-біріне жарасады екен десті олар.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты