Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көбейтұзға рұқсатсыз кіріп, ондағы балшықты әкетпекші болған ерлі-зайыптылар жазаға тартылады

Көбейтұз көліне айналма жолмен кіріп, ондағы балшықты алмақшы болған ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Көбейтұз

Көбейтұз көлінен тұз бен балшықты өздерімен алып кетпекші болған елордалықтарға әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша іс қозғалыпты. 

7 тамызда ерлі-зайыпты көлігімен полиция бекеттерін айналып жетіп, Ерейментау ауданы аумағындағы Көбейтұз көлінен күрекпен лай жинап жүргені әшкере болды.  Олардың ауданға қонаққа келген елорда тұрғындары екені анықталыпты. Ерекше көлді көргісі келген ерлі-зайыптылар бекеттерді айналып, дала жолымен Көбейтұзға жеткен.

58 жастағы азамат пен жарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы "Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу", ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша материал жиналып, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Бұған қоса ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабына сәйкес мемлекеттік меншік құқығын бұзған ерлі-зайыптыларға қатысты жиналған материалдар экология департаментіне жіберілген.

Өз кезегінде полицейлер карантин ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын тағы бір мәрте ескертіп, табиғат ресурстарына ұқыпты қарауды сұрады.

STAN.KZ
Жұма, 07 Тамыз, 2020 21:29
Талқылау