Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көбейтұз көлінде домбыра тартқан қазақстандық қыз америкалық журналға шықты (видео)

Әлемдегі ең танымал сән журналдарының бірі Vogue өзінің Instagram-дағы парағында қазақстандық домбырашы туралы пост жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде астаналық бойжеткеннің видеосы тарады. Ол «Көроғлы» күйін Нұр-Сұлтан маңындағы қызғылт көлдің жағасында орындады.

«Қазақстандық Маржан Қапсаматпен танысып қойыңыздар. Ару Қазақстанның ежелгі мәдениетін инстаграмның қазіргі әлеміне алып келді. 23 жастағы бойжеткен ұлттық аспап - домбырада ойнайды», - делінген журналдағы бейнежазбада.

Бойжеткен қазақтың ұлттық қазақ көйлегін киіп танымал болды. Желі қолданушылары жаппай мақтауын асырды.

"Қазақтың домырасы - қазақтың үні", "Жарайсың, қазақ елін жақсы жағынан таныта бер", "Өзгеге таңсық болғанды өзіміз бағалай бермейміз", - деп жазды желідегілер.

Талқылау