Соңғы жаңалықтар

ҚМБД Жамбыл облысындағы жанжалға қатысты үндеу жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдайға байланысты мұсылман бауырларын сабырлылыққа шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚМБД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

муфтиат
«Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдай бізді де алаңдатып отыр. Мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес. Азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырамыз. Жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймыз. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі.

Қадірлі бауырларым, сабырға келулеріңіз жақсылыққа апарады. Байқамастан өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болғанымыз қайырлы.

Алауыздықтан абай болғанымыз абзал. Қоғамдағы тыныштық әрқайсымыздың отбасымыз үшін аса маңызды құндылық екені мәлім.
Біздің халқымыз үшін бірлік пен бейбітшілік қашан да басты байлық саналған. Мемлекетіміздің игі бастамалары да еліміздегі бірлікті қамтамасыз етуге, ұлттар мен діндер арасындағы өзара татулықты нығайтуға бағытталған.
Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекетін, бейбітшілігі мен амандығын арттырғай. Әмин!», – делінген. 
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр