Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Клиенттердің бәрін тексереміз": Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 13 күдікті анықталды

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қызылордада сыныптастары қорлаған оқушы қыздың ісіне қатысты тергеудің егжей-тегжейін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Вице-министрдің сөзінше, қазір бұл іске қатысты 13 айыпталушы ұсталды. 

"Олардың екеуі үйқамаққа алынды. Қазір бірқатар баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан басқа ештеңе айта алмаймын. Себебі іске қатысты мәліметтер тергеушінің құзыретінде", – деді Лепеха.



Оның айтуынша, 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер мен зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандар қамауға алынды.

Алайда вице-министр ұсталғандардың қаншауы кәмелет жасына толмағандар екенін нақтыламады.

"Тергеу бұл мәселені қарап жатыр.  Біз қызға клиент болған адамдардың барлығын тексереміз", – деді Лепеха.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Жәбірленушінің анасы бәрі сыныптас құрбысымен жақын араласа бастаған кезде басталғанын айтты.

Бұған дейін Қызылордадағы мектеп басшылығы жұмыстан қуылғаны хабарланды.

Талқылау