Құн салығын көтергеннен дағдарыс болмайды – Ұлттық экономика вице-министрі

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда қосымша құн салығы мөлшерлемесін көтерудің салдары туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министр қосылған құн салығы бағаға аса әсер етпейді дейді.
"ҚҚС төлейтіндер үшін баға өсімі 2-2,5% мөлшерінде болады деп күтіліп отыр. Ол аса байқалмайды, өйткені көптеген тауар өндіруші салықтан босатылған", – деді Азамат Әмрин.
Оның айтуынша, ең қажет азық-түлік өнімдерін өндіретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, шаруа қожалықтары ҚҚС-тен босатылған.
Алайда журналистер ҚҚС мөлшерлемесін қайта қараудан кейін дағдарыс бола ма деп сұрады.
"Құн салығын көтергеннен дағдарыс болмайтыны анық. Мысалы, ертең, Құдай сақтасын, пандемия болуы мүмкін. Сондықтан ҚҚС мөлшерлемесінің өсуін дағдарыспен тікелей байланыстыру дұрыс емес", – деді вице-министр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген