AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызметкерді вакцина салғызудан бас тартқаны үшін жұмыстан шығаруға бола ма? Еңбек министрі жауап берді

Елімізде 1 қыркүйектен бастап мекеме қызметкерлерінің коронавирусқа қарсы вакцина салған-салғызбағаны тексеріледі. Екпе алмағаны үшін қызметкерлер жұмыстан шығарыла ма? Бұл сұраққа еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жауап берді. 

вакцина

“Қызметкер COVID-19-ға қарсы вакцина салғызған жоқ және ПТР-тесттен өтуден үзілді-кесілді бас тартып отыр. Оны қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруға мүмкіндік болмай тұр. Не істеуге болады?” – деп сұрақ қойды тұрғы  “Ашық диалог” порталында еңбек министрі Серік Шәпкеновке. 

Министрдің мәліметінше, бұл мәселе жайлы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 48-бабы 1-тармағында айтылған. Аталмыш заңға сәйкес жұмыс беруші мемлекеттік органдардың хаттамасында көрсетілгендей қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті.

Вакцинадан бас тарту жайлы “Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексте көрсетілген. Екпені денсаулығына байланысты вакцинаға қарсы көрсетілімдері бар және үш айдың ішінде COVID-19-дан емделіп шыққандарға салғызбауға болады. 

“Коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтпеген және ПТР-тест анықтамасын көрсетпеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруға мүмкіндік болмаса, жұмыс беруші оны жалақы төлемей, қызметінен шеттетуге құқылы”, – делінген министр жауабында. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр