Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Қызметінен босатуды тапсырған": Руслан Берденовке оқ атқан күдіктінің неліктен бұл әрекетке барғаны айтылды

Фото: Руслан Берденов Instagram желісінен

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған деп күдіктелген Ернар Жиенбай туралы деректер пайда болды. Онда Жиенбай Берденовты өзін қызметінен босатпақ болғаны үшін кек алу мақсатында атқаны айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында "Тұрғын үй Шымкент"ЖШС басшысы Ернар Жиенбай неліктен мұндай әрекетке барғанын жазды. 

“Тұрғын үй Шымкент" ЖШС – әкім аппаратының еншілес компаниясы. Ол тұрғын үйге жатпайтын ғимараттарды салумен айналысады.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктіде 10 күн бұрын өткен кездесуден кейін Берденовке жек көрушілік пайда болған. Бұл іс-шарада Жиенбай өз басшылығымен дөрекі сөйлескен. Осыған байланысты әкімнің орынбасары оған ескерту жасап, кездесуден кетуді сұраған. Сол жерде Берденов "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-нің жұмысын тексеріп, компания басшысын атқаратын қызметінен босатуды тапсырған”, – деп жазды журналист.



Козачковтың айтуынша, күдіктінің қаруланғанына қарағанда оның Берденовты өлтіруге барғаны көрініп тұр.

“Шамасы, Жиенбай кек алу туралы шешім қабылдады және әкімнің орынбасарын жай қорқытуға бармағаны белгілі. Ол өзімен бірге 10 оқ алған. Яғни ол кісі өлтіруді жоспарлаған болуы мүмкін. Алайда үш оқтан кейін оны Берденов жүргізушісі байқап өз көлігімен қағып бейтараптандырды.

Берденовтің Жиенбайдың әйелімен байланысы туралы ақпаратты бұл қақтығыс куәгерлері жоққа шығарып жатыр”, – делінген жазбада.

Қалалық полиция департаменті қылмыстық іс “кісі өлтіруге оқталу” бабы бойынша тергеліп жатқанын жеткізді.

"Қылмысқа дайындалғаны және қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілік осы баптың тиісті бөлігіне сілтеме жасай отырып, осы кодекстің аяқталған қылмыспен бірдей бабына сәйкес келеді", – делінген кодексте.

Бұл жағдайда аяқталған қылмыс Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сараланады. Ең аз жаза – 8-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Еске салсақ, Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткені туралы хабарлаған едік. Кейін оған ота жасалып, өміріне қауіп жоқ екені айтылды. 

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 12:17
Талқылау