Қызына жүзуді үйретпекші болған әкесі мен оның досы СҚО-дағы көлде қайтыс болды
Солтүстік Қазақстанда тоғыз жасар қызына жүзуді үйретіп жүрген әке суға батып кетті. Ер адамды құтқаруға тырысқан досы да қайтыс болды. Көз жұмғандар ұмытылмас демалыс үшін жүзуге тыйым салынған орынды таңдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға қала маңындағы Қызылжар ауданындағы Каменное көлінде болған. Мұнда облыс орталығынан екі отбасы демалуға келіп, түнеген. Таңертең 40 жастағы отағасы баланы жүзуге үйретіп, кенеттен өзі суға бата бастады. Батып бара жатып, әкесі баланы жағаға қарай итеріп үлгерген. Ер адамның 43 жастағы досы оны құтқаруға тырысты. Алайда ол да судан шыға алмады.
"Бұл көлде жүзуге қатаң тыйым салынды. Бұл тыйым салынған жер тек балық аулауға арналған болатын. Сондықтан мен барлық азаматтарды демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырғым келеді", - дейді Нұрлан Атығаев, Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн